Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Өрмекші-адам» фильмі бір аптада 927 млн доллар жинап рекорд орнатты

kz.kursiv.media

«Өрмекші-адам» фильмі бір аптада 927 млн доллар жинап рекорд орнатты

Басты рөлді Том Холланд сомдаған «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмі әлемдік прокатта бір аптада 927 миллион доллар жинап кассалық рекорд орнатты. Соманың 355 миллион доллары АҚШ пен Канадаға, ал 572 миллион доллары халықаралық нарыққа, оның ішінде 121 миллион доллары Қытайға тиесілі деп жазады DW басылымы.

Аталған туынды Солтүстік Америкадағы 2026 жылдың ең табысты премьерасына айналды. Тізімнің басында тек «Кек алушылар: Финал» (2019) фильмі тұр. Бұл фильм жаңа туындыдан бары-жоғы 2 миллион долларға артық болып тұр.

Сондай-ақ «Өрмекші-адам: Жаңа күн» Солтүстік Америкада коронавирус пандемиясы басталғалы бері тіркелген ең үздік бастапқы түсімді көрсетті.

Фильмнің бұл табысы, әсіресе, көрермендердің суперқаһармандар туралы кинодан жалыға бастағаны жайлы сөз болып жатқан тұста ерекше назар аудартады. Оған қарамастан, Өрмекші-адам Marvel әлеміндегі сұранысқа ие басты кейіпкерлердің бірі болып қала береді.

Кинокритиктер мен көрермендер Питер Паркердің ішкі күйзелісін, жалғыздығын және айналасындағы адамдармен қайтадан жақындасуға деген ұмтылысын баяндайтын су жаңа оқиғаны жоғары бағалады.

Прокатқа жаңадан шыққан режисер Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі алғашқы демалыс күндері 656 млн теңге жинаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар