Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мұнай өндірісінің төмендеуі салдарынан Ұлттық қор кірісі азайды

kz.kursiv.media

Мұнай өндірісінің төмендеуі салдарынан Ұлттық қор кірісі азайды

Қазақстанның қаржы «қауіпсіздік жастығы — Ұлттық қордың әр көрсеткіші ел экономикасының айнасы іспетті. 2026 жылдың 6 айында елдегі мұнай өндірісінің азаюы мемлекеттік резервті айналып өтпегенін көрсетті. Мұнай өндірісі мен экспорт көлемінің қысқаруы, сонымен қатар валюта бағамының құбылуы Ұлттық қорға түсетін қаржы ағынын азайтты. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің Кursiv.Мedia ресми сауалына берген жауабында жазылған.

2026 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сәйкес, қорға 6 ай ішінде 1,807 триллион теңге қаржы түскен.

Бұл ретте мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде 1,860 триллион теңге бағытталды.

Осылайша, бірінші жартыжылдықта қордан алынған қаржы оған түскен түсімнен асып кетті.

Соған қарамастан Ұлттық қордың қаржылық іргетасы берік күйінде қалып отыр. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қорда жинақталған жалпы қаражат көлемі 37,2 триллион теңгеге жетті.

Басты резервті сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.

Ұсынылған алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясындағы нысаналы талаптарды шегергенде, қордың валюталық портфелінің жиынтық нарықтық құны 65,5 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.

2026 жылдың алты айында активтерді басқарудан түскен инвестициялық кіріс 2,3 миллиард АҚШ долларына жетіп, кірістілік көрсеткіші 3,5%-ды құрады.

Ұлттық қорды басқару модельдері қысқа мерзімді ауытқуларға емес, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға негізделген. Сол себепті басқару тиімділігі жылдар шегінде бағаланады.

Қор құрылған 2001 жылдан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта жинақталған жалпы кірістілік 172%-ды көрсетті. Яғни қорда жыл сайын орта есеппен 4,1% инвесттабыс түскен. Осы жылдар ішінде жинақталған жалпы инвестициялық табыс 37 миллиард АҚШ долларына жеткен.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында мұнай компанияларынан Ұлттық қорға 1,787 триллион теңге салық түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (1,805 триллион теңге) салыстырғанда 1% немесе 18,246 миллиард теңгеге аз.

Салық түсімдерінің қысқаруын министрлік бірнеше негізгі фактордың қатар келуімен түсіндіреді:

2025 жылға дейін Ұлттық қорға түсетін қаржы мен алынға трансферт, қорда жинақталған ақша жайлы есеп ай сайын жарияланатын. Бірақ биыл есеп жариялау тәртібіне өзгеріс енгізіліп, тоқсан сайын ғана жарық көреді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 466 бұйрығына сәйкес, Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептер енді ай сайын емес, тоқсан сайын жарияланатын болады», – делінген жауапта.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін тікелей трансферттерден бөлек, ірі инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды қолдау үшін арнайы қарыз да алынады. 2026 жылғы 30 маусымдағы мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін қордан бөлінген жалпы облигациялық қарыз көлемі шамамен 3,9 трлн теңгені құрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар