Қырғызстан мен Өзбекстан жер алмастырып жатыр
Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы келісім аясында екі елдімекенді ресми түрде алмастыру рәсіміне кірісті.
Interfax ақпаратына қарағанда, бұл туралы Қырғызстан президентінің Баткен облысындағы өкілдігі хабарлады.
3 тамыздан бастап екі елдің бірлескен жұмыс тобы бұрын Өзбекстанның Ферғана облысына қараған Чоң-Гара және Таш-Дөбө ауылдарында ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды бастады. Мамандар тұрғындарды тіркеп, құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндіруде.
24 шілдеде Баткен облысының Қадамжай ауданында өткен бірлескен комиссия отырысында тараптар берілетін аумақтардағы тұрғындардың азаматтық мәртебесін, көшіру мәселесін, мүлікті рәсімдеу мен шаруашылық қызметіне қатысты өзге де ұйымдастыру мәселелерін талқылаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Чоң-Гара мен Таш-Дөбөде негізінен этникалық қырғыздар тұрады. Екі ауылдың жалпы халқы шамамен 2,5 мың адамды құрайды.
Тіркеу аяқталғаннан кейін тұрғындарға Қырғызстан азаматтығын беру рәсімі басталады. Өз кезегінде Қырғызстан Өзбекстанға аумағы тең жер телімдерін береді.
Айта кететін жайт, өзбек шекарашылары екі қырғыз азаматын атып тастаған болатын.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 тамыз 2026