Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Джеки Чан фильмінің түсірілімі енді Бакуде жалғасады

kz.kursiv.media

Джеки Чан фильмінің түсірілімі енді Бакуде жалғасады

Әйгілі актер Қазақстандағы түсірілімін аяқтап, Әзербайжан астанасы Бакуге табан тіреді. Енді бірнеше күн осы қалада түсірілім жалғасады деп жазады Қазақпарат.

Джеки Чан командасы фильм локациясы ретінде Нагор саябағы, Ичеришехер (Ескі қала), Субұрқақтар алаңы, Баку фуникулері, Жасыл театрды таңдап алған. Жобаға Қазақстанмен бірге Әзербайжан да қатысып жатыр. Ал фильм түсіріліміне Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі қолдау білдірген.

Айта кету керек, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің басты түсірілім алаңы Маңғыстау болды. Джеки Чан шілдеде Қазақстанға келіп, негізгі эпизодтарды түсіруге кірісті. Алматы түбіндегі Қаскелеңде де бірнеше кадрлер түсірілді.

«Құдай сауыты» алғаш рет 1986 жылы жарық көрді. Сол уақыттан бері төрт фильмі шығып, танымал франшизаға айналды. Бұл картинаның желісі де бұрынғы фильмдерге ұқсайды, Джеки Чан басты рөлде ойнайды. Фильм келесі жылы жарыққа шығу керек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар