Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Әншілер – шайтан азаншысы»: Ерлан Қарин тойда уағыз айтқан ер адамға жауап берді

kz.kursiv.media

«Әншілер – шайтан азаншысы»: Ерлан Қарин тойда уағыз айтқан ер адамға жауап берді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Жетісай ауданында өткен тойлардың бірінде түсірілген видео қызу талқыға түсіп, үлкен дау тудырды. Жиында тілек айтуға шыққан ер адам дәстүрлі той форматын сынға алып, өнер иелерін «шайтанның азаншысы» деп атаған. Сонымен қатар әйелдер мен ер адамдарды бөлек отырғызуды талап етіп, өзінің радикалды көзқарасын көпшілікке таңуға тырысқан.

Тойда болған белгілі әнші Роза Әлқожа бұл бейнежазбаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бұл сөздердің теріс ағым идеологиясына ұқсайтынын ашық айтты. Әнші жергілікті әкімдік пен Дін істері агенттігі тарапынан бұл оқиғаға құқықтық әрі идеологиялық баға берілуі керектігін талап етті.

A post shared by ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Қоғамды дүрліктірген бұл оқиғаға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де үн қосып, шұғыл реакция білдірді. Ол мұндай әрекеттердің ұлттық болмысымыз бен заңнамамызға түбегейлі қайшы екенін ашық айтты:

«Тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалдым. Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады», – деп мәлімдеді Қарин.

Ерлан Қарин өз сөзінде өнер мен мәдениетті дінге қарсы қоюды асыра сілтеушілік деп бағалап, Қазақстанның әрдайым білім, ғылым, өнер мен мәдениетке басымдық беретінін жеткізді. Көпшілік алдында адамдарды алалау мен өз пікірін қасақана тықпалау жаңа қоғамдық этикаға мүлдем сыймайды.

Еске сала кетейік, Ерлан Қарин жақында Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар