Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қара теңізде жеміс тасымалдап жүрген түрік кемесіне дрондар шабуыл жасады

kz.kursiv.media

Қара теңізде жеміс тасымалдап жүрген түрік кемесіне дрондар шабуыл жасады

Новороссийск жағалауында көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдап жатқан түрік кемесі отқа оранды. Оған Украина дрондары шабуылдаған деп жазады İhlas Haber Ajansı түркиялық агенттік.

Басылым дерегінше, NADEZHDA атты жүк кемесінің бортында 22 теңізші болған, оның 13-і – Түркия азаматтары. Олардың төртеуі жараланған. Новороссийск теңіз құтқару-координациялық орталығының дерегінше, кемедегі теңізшілер Новороссийск портына эвакуациялаған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, 3 қызметкердің денсаулық жағдайы ауыр болуы мүмкін.

Кеме Самсуннан Ресейдің Новороссийск қаласына қарай келген. Туркия уақытымен сағат 16:30 шамасында Новороссийскіден 30 теңіз милі қашықтықта шабуылға ұшырап, өрт шыққан.

Кеме капитаны Ялчын Шахин шабуыл кезінде 6-7 дрон болғанын және олар украиналық болғанын айтады. Бірақ бұған қатысты Украина ресми түрде пікір білдірмеді.

Түркияның Теңізшілік бас басқармасы мәліметінше, тұрғын үй блогы зақымданған, өрт әлі жалғасып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар