Беларусь арнайы жасағы Қазақстанға оқуға келе жатыр
Беларусь арнайы жасағының бір бөлімшесі «Мызғымас бауырластық – 2026» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстанға ұшып шықты. Әскери дайындық «Көктал» полигонында өтеді.
Қарулы күштер құрамындағы жауынгерлердің Қазақстанға аттанғанын Беларус қорғаныс министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратпен бірге жарияланған суреттерден арнайы жасақ сарбаздарының ұшаққа мініп жатқанын көруге болады.
«Мызғымас бауырластық – 2026» оқу-жаттығулары 3-9 тамыз аралығында Қазақстандағы «Көктал» полигонында өтеді. Ол Жетісу облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының мағында орналасқан.
Бірлескен оқу-жаттығу барысында таулы, шөлейтті жерлердегі заңсыз қарулы күштерді барлау, іздестіру және жою операциялары пысықталады.
Қазақстан мен Беларусь арасында әскери әріптестік туралы келісім бар. Ол 2025 жылғы қазанда қабылданған.
Естеріңізге сала кетейік, бұл уақытта Қазақстанның барлық өңірлеріндегі автожолдарда әскери техника мен жауынгерлерді тасып жатыр. Өйткені «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуы өтеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 тамыз 2026