Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыға 43 келіден астам марихуана жеткізбек болған күдікті ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыға 43 келіден астам марихуана жеткізбек болған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында полицейлер Алматыға жеткізілмек болған 43 келіден астам марихуананы тәркіледі.

Polisia.kz хабарлауынша, операция «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қордай аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің 215-шақырымында Hyundai Elantra көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

Көлік тоқтатылғаннан кейін жүргізушінің есірткі қолданғаны және көлік басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Тексеру барысында Сэм есімді қызметтік ит көліктің жүксалғышындағы күдікті жүкті көрсеткен. Тінту кезінде жолаушыға тиесілі қара түсті ірі пакеттерге салынған төрт қап табылып, сараптама олардың жалпы салмағы 43 келіден асатын кептірілген марихуана екенін растаған.

Тергеу мәліметінше, күдікті есірткіні аса ірі көлемде Алматы қаласына жеткізуді жоспарлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар жүргізушіге көлік басқару құқығы болмай тұрып, есірткіге мас күйде рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, әкімшілік қамауға алынған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мұның алдында Жамбыл облысынан Алматыға 8,5 келі гашиш тасыған жүргізуші ұсталған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар