Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей блогерлері Украина күштері Урожайное селосына кіргенін хабарлады

azattyq.org

Ресей блогерлері Украина күштері Урожайное селосына кіргенін хабарлады

Украина әскерінің Бердянск пен Мариупольға баратын жолын жауып тұрған Донецк облысындағы Урожайный селосынан Ресей әскері шегінген. Мұны Ресей соғыс блогерлері жазған.Кейінгі күндері Урожайное селосы үшін ауыр шайқас жүрген. Украина күштері селоның солтүстігінен кірген, Ресей әскері оңтүстігінде қалған. Американың соғысты зерттеу институты майдан алаңынан жарияланған кадрлар Украинаның бұл аймақты алға жылжығанын растайды деп хабарлады.Ресей қорғаныс министрлігі Урожайное селосына жасалған шабуылды тойтарғанын мәлімдеді. Кейбір дереккөздер селоны әзір Ресей күштері бақылап тұрғанын айтады. Киев бұл жөнінде ақпарат таратпаған.DeepState жобасының картасына қарағанда, село әзірге "сұр зонада" тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар