Украина әскері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткенін хабарлады
Украина қарулы күштері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткен. Бұл жөнінде 47-бригада жауынгерлері телеграм-арнасында мәлімдеді. Кейінгі айларда мұнда қызу шайқас жүрген. Әскерилер жариялаған суретте қираған ғимараттың үстінде Украина туы тігілгені көрінеді.Бұған дейін Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр 47-бригада жауынгерлері селосына кіргенін мәлімдеген. Киев азат ету туралы ақпаратты әзірге ресми түрде растамады.Ресей әскері Работино селосын 2022 жылдың наурызынан бері ұстап отырды. Шағын ауылдың ауданы небәрі 3 шаршы шақырым. Ресми ақпаратқа қарағанда, соғысқа дейін ауылда тұратын адамдардың саны 500-ге жетпеген. Әскери сарапшылар бұл елдімекеннің маңызын бірнеше рет сөз еткен. Село Ресей әскерінің ірі логистикалық хабы орналасқан Токмак қаласына баратын автожолды басқаруға мүмкіндік береді.Ресей қорғаныс министрлігі украин әскерінің хабарына түсініктеме бермеді.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2026