Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украинадағы соғысқа қатысқан қырғыз азаматы ұсталды

azattyq.org

Украинадағы соғысқа қатысқан қырғыз азаматы ұсталды

Қырғызстанның Нарын облысында Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікпен ер адам қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады.Ол 1 тамызда ұсталып, ісі сотқа өткен.Ақпаратқа қарағанда, ол Ресейде жұмыс істеп жүріп, былтыр 22 ақпанда қылмыс жасағаны үшін түрмеге қамалған, сол жерден "Вагнер" жекеменшік компаниясы арқылы Украинаға барғанын айтқан. Ол Қырғызстан заңына сәйкес, бөтен елдің соғысына қатысқаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Ведомство қолында қаруы бар әскери форма киген күдіктіге ұқсас адамның видеосын жариялады, бұған қоса оны ұстау мен үйін тінткен сәттен де кадрлар жариялады. Ол жерден күдіктінің "соғыста алынған марапаттарын" да көруге болады. Құжаттар арасынан ресейлік "Вагнер" жеке әскери компаниясының логотипіне ұқсас таңба да байқалады.Бұл оқиға туралы Азаттық 14 тамызда жазған.Ведомство мәліметінеше, Украинадағы соғысқа қатысқан Нарын тұрғыны туған жеріне оралғаннан кейін, үш аптадан соң ұсталған.Бұған дейін де Украинада Ресей жағында соғысқан қырғыз азаматтары ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар