Газа секторында атысты тоқтату туралы режим күшіне енді
Газа секторында атысты тоқтату туралы уақытша режим күшіне енді. Бұған дейін Израиль үкіметі мен ЕО және АҚШ-та "террористік ұйым" деп танылған ХАМАС тобы жанама келіссөз арқылы атысты тоқтатуға келіскен.Катар, Египет және АҚШ-тың араағайындығымен жасалған келісім Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беру үшін соғыс қимылдарын тоқтатуды және ХАМАС кепілге алған адамдарды Израиль түрмесіндегі палестиналықтармен айырбастауды көздейді.Катар өкілдеріне сілтеген The Times of Israel басылымының жазуынша, ХАМАС радикал тобы кепілдікте ұстап отырған адамдардың алғашқы тобы (13 адам) 24 қарашада босатылады. Төрт күн ішінде тұтқында отырған 200 адамның кемінде 50-і босатылуға тиіс. Басылымның жазуынша, өз кезегінде Израиль жұма күні түрмеден палестиналық 39 әйел мен баланы босатуы керек. Төрт күн ішінде олардың саны 150-ге жетеді деп айтылады.Атысты уақытша тоқтату келісімі күшіне енген кезде Газа секторында барлық соғыс қимылдары тыйылуы керек. Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізілуі тиіс. Күн сайын 130 мың литр дизель мен 200 жүк көлігі жөнелтілмек.Израиль билігі мәселе бейбіт келіссөз туралы болып отырған жоқ, белгіленген мерзім аяқталған соң ХАМАС-қа қарсы әскери қимыл жалғасатынын айтады.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
9 мамыр 2026