Өскеменнің іргесіндегі көшелерге орталықтандырылған ауызсу тартылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биыл Өскемен қаласының шет аймақтары орталықтандырылған ауызсумен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін Ахмер кентіндегі ауызсу мәселесі шешіледі. «Қолға алынып отырған ауқымды жобалардың бірі – Красин кентіне ауызсу тарту. Өткен жылы басталған жоба 2021 жылы аяқталуы тиіс. Осының нәтижесінде 1600 үй ауызсумен қамтамасыз етіледі», – деді Жақсылық Омар. Бұдан бөлек, «Альшемали» сауда үйінің іргесіндегі 120 үйге ауызсу тарту көзделіп отыр. Кеңес заманында мұнда су құбыры орнатылмағандықтан тұрғындар суды құдықтан алуға мәжбүр болған. Автор: Талғатжан Мұхаметбекұлы
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
- Маусым, 21
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2025
4 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар