Оралда кәріз коллекторындағы апаттан саяжай үйлеріне қауіп төнді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан саяжай үйлеріне қауіп төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Қайырғали Имашевтің айтуынша, 26 ақпан күні сағат 22.30-да М.Шолохов көшесі бойында өздігінен ағатын кәріз коллекторында топырақ опырылды. Қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгін жергілікті сағат 15.30-дан 18.00-ге дейін Қадыр Мырза Әли, «Астана», «Жаңа орда» шағынаудандарында және Сырым Датұлынан Ғ.Құрманғалиев көшесіне дейінгі аралықтағы үйлерге су беру тоқтатылды. Бұл маңда 40 мыңдай адам тұрады. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды (ауруханалар, мектептер, балабақшалар және т.б.) сумен қамту тоқтатылған жоқ.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
-
- Қазан, 08
-
- Қазан, 02
-
- Қазан, 01
-
-
- Қыркүйек, 30
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
1 қараша 2025
1 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар