Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екі апта бұрын ғана анасы қайтыс болған Саят Медеуовтің әкесі де бақилық болды

kaz.caravan.kz

Екі апта бұрын ғана анасы қайтыс болған Саят Медеуовтің әкесі де бақилық болды

Бұл туралы "Жетісу" телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы әлеуметтік желіде жазды , деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. "Саят бауырымның әкесі Қабыл ақсақал қайтты деген хабар жетті. Алла алдынан жарылқасын. Қаза соңы қайырлы болсын, Сәке! Екі аптада ата мен ананы әкеткен жаманат енді шаңырағыңнан аулақ жүрсін. Ақсақалдың ақырғы сөзі: Ел аман, сендер аман болыңдар, - бопты. 80 жыл ғұмыр кешкен қарттың тілегіне періштелер әумин деп елді шыр айналдырған пәлекет аулақ кетсінші. Қарттың иманы саламат болсын! Бекем бол, Сәке", - деп көңіл айтты Серік Әбікенұлы. Еске салсақ, Саят Медеуовтың анасының қазасы жайлы Мейрамбек Бесбаев жеткізген болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар