«Вирус шашады»: WhatsApp-та 7-8 тамызда далаға шықпауға шақыратын хабарлама тарады
Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратып жатыр. Бұл фейк, – деп хабарлайды Aikyn.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен. «10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді», – делінген мәтінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды. Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 наурыз 2026
13 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар