Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР КӨРСЕТІЛДІ

petropavltv.kz

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР КӨРСЕТІЛДІ

Әз наурыз мерекесін өңір полицейдері де тойлап жатыр. Әр бөлімшенің қызметкерлері қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетіп, ақ дастархан жайды. Осылайша ұлттық дәстүрлер фестивалін ұйымдастырды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қайырымдылық жасауды да ұмытпады. Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірінші болып наурызға келген қонақтарды қарсы алды. Олар келгендерге "Ұйқы ашар" әдет-ғұрпын көрсетті. Наурыз мерекесі күндері қыздар дәмді тағамдардан Үйкиашар дайындады. Ежелден келе жатқан беташар мен тұсаукесер салтын облыстық полиция департаментінің қызметкерлері көрсетті. Сонымен қатар, қазақ халқының ырымдары, жоралғылары да жасалды. СӘУЛЕ АНДАҒҰЛОВА, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: - Осы маңызды күндерді Департаменттің және қалалық полиция басқармасының қызметтері арасында ұлттық дәстүрлер фестивалін өткізумен атап өтеміз. Бүгін біз осындай іс-шаралардың біріне қатысып отырмыз. Бұл күндері әрбір қазақстандық қайырымды істер жасауға, мұқтаж жандарға көңіл бөлуге тырысады, сондықтан біз бірқатар атаулы қайырымдылық көмекті жоспарладық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді. Әрбір үйге жылулық пен жайлылық, отбасына амандық, ал елімізге – тұрақтылық пен өркендеу тілеймін. Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр бөлімшеде нағыз мерекелік атмосфера орнады. Тәртіп сақшылары сонымен қатар, қайырымдылық іс-шараларын да ұйымдастырды. Полицейлер ыстық палау мен бауырсақ пісіріп, қарттар үйінің, әйелдерді қолдау орталығының, Аналар үйінің және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды орналастыратын мекемелерге барып, сондағы азаматтарға тарту етті. Ал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға барды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар