Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент: Жол жөндеу жұмыстарында кемшіліктер анықталды

kz.otyrar.kz

Шымкент: Жол жөндеу жұмыстарында кемшіліктер анықталды

Жол жөндеу жұмыстарындағы ақаулар ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін жойылады. Одан кейін мерзімі өткен әр бір күнге мердігерлер айыппұл төлейді. Мұрат Әйтенов мамандандырылған комиссия өкілдеріне осындай тапсырма берді. Қала басшысы жөндеуден кейін жолдардың сапасынан бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтқанда, 310 шақырымдық салынған жолдың 2,8 шақырымында кемшілік бар. Жөнделген 980 ұңғыманың 21-і сапасыз жасалған. Еске сала кетсек, өткен жылы Шымкентте 310 шақырым автожолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп 72,2 шақырым жаңа жол салынды және 237,8 шақырымы жөнделді. Иззат Миралиев
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар