Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан босатылды

ktk.kz

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан босатылды

Павлодар қаласының білім бөлімі аталған факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген. «Балабақша басшысы Ж. Абеевадан және ерте «Ә» тобының тәрбиешісі Б. Арыкбановадан түсініктемелер алынды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғаны үшін топ тәрбиешісі Б. Арыкбановамен 2022 жылғы 6 мамырдан бастап еңбек шарты бұзылды. Мекеме басшысы Ж. Абееваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза шығарылып, балабақша қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауды күшейтуге, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілді», - деп мәлім етті білім бөлімінен. Сондай-ақ, балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі нұсқаулықты сақтау мәселесі бойынша кезектен тыс нұсқама өткізген. Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жайт туралы әлеуметтік желіде айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев пост жазып, видео жариялаған. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар