Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Өзбектер құтырып кетті" деп атой салып, ұрандаудың қажеті жоқ - Айгүл Орынбек

kaz.caravan.kz

Өзбектер құтырып кетті деп атой салып, ұрандаудың қажеті жоқ - Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Оңтүстікте жер үшін қазақтар бір-бірін аяп жатқан жоқ! Жер дауы — Оңтүстік аймақта тоқтаған емес! Онсызда халықтың көтеріліп, көшеге шыққанын күтіп, аңсап отырған сырттағы алакөздер мен іштегі алауыздар аз емес! “Өзбектер құтырып кетті”,-деп атой салып, ұрандаудың қажеті жоқ! Бағып қарасаңыздар, елімізде соңғы жылдары ұлтараздық дау шығарғысы келіп, әр өңірде осы тақырыпты шулатып, ортаға от тастап жатқандар бар! Тереңіне үңіліп қарасаңыздар, бұл да — дұшпандардың кезекті «қитұрқы» жоспары! Баз біреулердің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіргісі келіп жасап жатқан астыртын әрекеті! Біз араға іріткі салушылардың айдағына еріп, байлауына көнбеуіміз керек! Қазақ елі, Қазақстан мемлекеті — біртұтас, татулығын ту етіп, төрткүл дүниеге бейбіт өмірімен үлгі болудан танбау керек! Басты мақсат — ОСЫ! Сол себепті ұлтараздық қандай бір видео ақпараттар тарап жатса, арандатушыларға еріп, ашуға беріліп кетпей, сабырлық танытыңыздар! Құзырлы органдар қарап отырған жоқ, өз тараптарынан жұмыс атқарады! Ұмытпаңыздаршы, дәл қәзір БІЗ үшін ең маңыздығы — Ел тыныштығын сақтап қалу! Ал еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне айтарым “Қазақтар” ауыз ашпас бұрын кімнің жерінде отырғандарыңды ұмытпаңдар! Жер қазақтікі!", - деп жазды Айгүл Орынбек.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар