Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар 1 мыңнан астам қару-жарақты полицияға тапсырған

almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар 1 мыңнан астам қару-жарақты полицияға тапсырған

Бұл туралы аталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акцияны жалғастырып жатыр. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың жай-күйіне қарай әрқайсына 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем көзделген. Қазіргі таңда полицияға ерікті түрде 1093 атыс қаруы тапсырылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Осы орайда министрлік заңсыз сақталған қару-жарақ үшін жауапкершілік барын еске салды. «Тапсырылған қару-жарақтың ішінде 1 автомат, 167 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 910 тегіс ұңғылы, 11 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы бар. Одан бөлек, 8 мыңнан астам патрон алынды. Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі», - дейді ол. Бұған дейін министрлік өкілі паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндіріп өтті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар