Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Екінші әйелі болған соң... ": Гүлзира Айдарбекова Қайраттың жеке өміріне қатысты жауап берді

paryz.kz

Екінші әйелі болған соң... : Гүлзира Айдарбекова Қайраттың жеке өміріне қатысты жауап берді

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфирде жұртты қызықтырған сауалдарға жауап берген. Продюсерге жолданған сұрақтардың басым бөлігі Қайраттың "екінші әйелі" жайлы. "Екінші әйелі болған соң Жұлдыз ажырасып кетіп жүр ғой" дейді. Ойпырмай, тағы не ойладыңыз? Екінші әйелі жоқ қой, жаным-ау. Қайдан тауып алдың? Екінші әйелі болса ол да адам шығар. Ол да "мен Қайраттың әйелі болып шығамын" дейтін шығар. "Жұлдыз ұстап алыпты, екінші әйелі бар екен" деген әңгіменің бәрі хайп, интрига. Содан кейін Қайраттың туған күнінде Мальдивке барған қыз баласының бәрі Қайраттың қатыны бола ма екен? Айгүл деген құрбымның Жібек деген қызы бар. Соны да "Қайраттың қатыны" деп жазып қойыпты. Сол жаққа барған ұрғашының бәрін Қайраттың қатыны деп ойлаған ғой", — дейді Қайрат Нұртастың анасы. Дәл сол тікелей эфирде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың дәл қазіргі отбасылық қарым-қатынасына қатысты сауалға өз жауабын берді. "Бүкіл әлемде, бүкіл Қазақстанда тек қана Қайрат пен Жұлдыз өмір сүріп жатқан жоқ қой. Олардың да бастары жоқ емес, бала-шағасы жоқ емес. Өздері ойланады, мен ол жағына мүлдем араласпайын да, сөйлеспеймін де. Өздерің біліңдер деп қоямын. 18 жастағы адамдар емес. Олар маған ақыл үйрететін жастар ғой. Әркімнің өз өмірі өзінде. Қандай болғанда да өздері сүреді, маңдайларына жазылғандарын көреді, болатын нәрсе болады. Ең бастысы бастары аман болсын, дендері сау болсын. Қалғанның бәрі өз ретімен келе береді", — деді Айдарбекова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024