Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нобель сыйлығы иегері Дмитрий Муратов жаңа журналистік жоба бастағанын мәлімдеді

azattyq.org

Нобель сыйлығы иегері Дмитрий Муратов жаңа журналистік жоба бастағанын мәлімдеді

Ресейлік "Новая газета" басылымының бас редакторы, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Дмитрий Муратов жаңа журналистік жоба бастағанын мәлімдеді. Мәскеу Украинаға соғыс ашқаннан кейін көп ұзамай "жалған ақпарат таратқандарға" қылмыстық жауапкершілікті қатайтқан соң, "Новая газета" редакциясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр екенін мәлімдеген."Ешнәрсеге қарамастан, сіздер үшін жаңа журнал әзірлеп жатырмыз, ол – жұмысы тоқтаған басылымның қосымшасы. Ол "НО" деп аталады. Осындай атаумен YouTube-каналды да іске қосамыз" деген Муратовтың оқырмандарға арналған сөзін келтірген "Медуза" басылымы.Муратов жаңа жоба жайлы осыдан басқа ештеңе демеген.Ресейде 1993 жылдың сәуірінен бері шығып келген, елдегі оппозициялық басылымдардың арасында ең көп оқылатын "Новая газета" биыл наурыздың аяғында жұмысын тоқтатқан. Редакция Ресей Украинаға қарсы "арнаулы әскери операция" (билік "соғыс" деген сөзді қолдануға тыйым салған – ред.) бастағаннан кейін елдегі әскери цензураға байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтты. Оған дейін Роскомнадзор Украинадағы соғыс туралы материалдары үшін "Новая газета" басылымына екі рет ескерту жасаған.7 сәуірде "Новой газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов шабуылға ұшырады – біреу оған ацетен араласқан бояу шашып кеткен. Бас редактордың айтуынша, әлгі адам: "Муратов, мынау саған біздің жігіттер үшін" деп айқайлаған. Кейін дәрігерлер Муратовтың көзіне зақым келген деген диагноз қойды. Бұл шабуылды зерттеген "Новая газета" шабуыл жасаған адамның аты-жөнін анықтаған. Басылым дерегінше, журналиске шабуылдаған – "Ресей десантшылары одағы" қоғамдық ұйымына қатысы бар Николай Трифонов деген адам. Дмитрий Муратовқа жасалған шабуылға байланысты қылмыстық іс әлі қозғалған жоқ.Маусым айында Дмитрий Муратов былтыр қазанда өзіне табыс етілген халықаралық беделді сыйлық – Нобель медалін аукционға қойды. Журналист медаль сатудан түскен қаржыны Украинадағы соғыста зардап шеккен балаларға аударатынын айтты. Аукцион саудасының қорытындысы 20 маусымда Нью-Йоркте белгілі болмақ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар