Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

kznews.kz

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9 шілдеге белгіленген. Осыған орай еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Телеарнаның хабарлауынша, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырды. Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтты. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс істемек. «Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні Алла қаласа арафа күні болады.Ал енді құрбан айт мерекесенің алғашқы күні, Алла қаласа Құрбан айт күні ол тоғызыншы шілдеге келіп отыр.Алла тағала баршамыздың тілегімізді-ниетімізді қабыл етсі», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер qurban2022.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Одан бөлек төлем жасау барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі. Б. Сатуов
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024