Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей депутаты: “Нұрлан Сабуровтың елімізде осылай тайраңдап жүргені жетер, жазалаңыздар!”

kznews.kz

Ресей депутаты: “Нұрлан Сабуровтың елімізде осылай тайраңдап жүргені жетер, жазалаңыздар!”

Ресейлік «Әділетті Ресей – ақиқат үшін» партиясының көшбасшысы Сергей Миронов РФ тергеу комитетін Ксения Собчакты әзіліне қосқан Қазақстанның комигі Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру жұмысын жүргізуге шақырды. Журналист Сабуровтың Украинадағы соғысқа деген көзқарасын білу үшін бірнеше сұрақ қойған. Ал ол өз жауабында Ксения Собчакты “жылқыға” теңесе керек. Бұл депутаттың шамына тиіп кеткен. «Нұрлан Сабуров алдымен АҚШ-қа барып келгенін айтты, ал көрермендер Украинада арнайы әскери операцияны өткізу туралы сұрақтар қойған. Қазір ол біздің елде. Ал Ксения собчакқа тиісуіне жол болсын», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Миронов Тергеу комитетінің өкілдеріне қажет болса әзілкешті қатаң жазалау керек екенін ескертті. «Тергеу комитеті комик Сабуровтың сөздерін мұқият қадағалап, тексеруі керек. Егер заң бұзушылықтар болса, қатаң жазалаңыз. Осылай тайраңдап жүруі де жетер!»- деп қорытындылады депутат.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар