Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Joshyhantour": Туристерге Ұлытаудың құшағы ашық

paryz.kz

Joshyhantour: Туристерге Ұлытаудың құшағы ашық

Қазақтың күйшілік өнеріндегі ең бір көне күйлердің бірі Жошы ұлысының ұлық биі, қолбасшы Кетбұғаның күйі «Ақсақ құлан». Бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен тікелей байланысты. Сонау бағзы замандардан бізге жеткені: аңыз бойынша ертеректе домбыра үш ішекті, көмей тесігі болмаған деп айтылып келеді. Баласының өлімін Шыңғыс қағанға естірте алмай тұрғанда, күйші Кетбұға ханның алдында күймен "балаң өлді Шыңғыс хан, Жошы өлді" дегенді домбыраның үнімен естірткенде, уәде бойынша, қаған домбыраның көмейіне қорғасын құйған деседі. Төл тарихымыздың тұнығына бойлағысы келгендерді "Joshyhantour" Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында күтіп алып, Жошы ханның мазарына, сол жердегі тарихи кешенді көрсетумен айналысады екен. - "Ұлытауға барар болсаңыз 87753698888 номерін терсеңіз болды"- дейді тур ұйымдастырушы Олжас Сауқымов. Несі бар, туризм саласы елімізде кенжелеп қалған саланың бірі еді. Жаңа облыстың құрылуы осы саланың дамуына мұрындық болса, игілік әрине.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар