Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әскери қызметкер армиядағы әлімжеттік туралы айтты

azattyq.org

Әскери қызметкер армиядағы әлімжеттік туралы айтты

Бұрынғы әскери қызметкер Алматы облысындағы армияда қызмет етіп жүрген кезінде, командирдің өзіне әлімжеттік көрсеткенін мәлімдеді.Алматы облысы Шеңгелді ауылындағы 54179 әскери бөлімшесінде қызмет еткен Айғаным Елшібаеваның арызын "Не молчи" қоры жариялады.Онда Елшібаева майордың бірі өзіне тиісіп, кемсіте бергенін айтқан."Майордың әлімжеттігінен кейін, стресске түсіп, денеме псориаз шығып кетті. Бұл емделмейтін аутоиммундық ауру", - дейді Елшібаева.Әскери қызметкердің арызына қарамастан, майор тиісінше жазаға тартылмаған. Ол тек басқа әскери бөлімшеге ауыстырылған. Ал оның орнына командир етіп, майордың жақын танысын тағайындаған.Елшібаева жаңа тағайындалған командир одан бетер әлімжеттік жасады дейді. "Ер адамдардың көзінше менің омырауымды, жыныс мүшемді ұстап, тиісе берді", - дейді Елшібаева.Ол жергілікті әскери басқармаға шағымданғанын, бірақ олар дәлел жоқ деп, тек майормен әңгімелесу жұмысын жүргізгенін айтады.Елшібаева "Не молчи" қорына түсірген арызында ақыр соңында өзін аттестациядан өткізбей, мерзімінен бұрын босатқанын жеткізген.Елдің қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрылып, істі тексеру мақсатында Елшібаева қызметін өтеген әскери бөлімшеге жіберілгенін мәлімдеді."Шағымда айтылған фактілер дәлелденген жағдайда, командирлер тиісті жазасын алады" деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар