Тәжікстан билігі ВИЧ-инфекциясы анықталған 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеді
Тәжікстан билігі соңғы алты айда 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеген. Себебі, қалыңдық не күйеу баланың бірінен ВИЧ-инфекциясы анықталған.Дәрігерлер жас жұбайлар тек толық тексеруден өткеннен кейін ғана той өткізе алады дейді. 1991 жылдан бері Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 15 мың адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін олардың 3,5 мыңы қайтыс болған."Мен сегіз жылдан бері зардап шегіп келемін. Адамдар әртүрлі қарайды, көбі айыптайды", - дейді 31 жастағы Мухсиба (аты-жөні өзгертілген).Ол шетелде жұмыс істеген күйеуінен ВИЧ жұқтырған. Ол мұны екінші баласына аяғы ауыр кезде бір-ақ білген."2015 жылы күйеуім Мәскеуден келген. Сол кезде қатты ауырдым. Дәрігерге барғанда, ВИЧ жұқтырғанымды білдім. Алғашқыда өмір тоқтап қалғандай болды", - дейді Мухсиба. Қазір оның күйеуі қайтыс болған. Екі баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.Ресми мәлімет бойынша, биыл алғашқы жарты жылда 548 адамнан ВИЧ-инфекциясы анықталған. Олардың 196-ы әйел.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 наурыз 2026
17 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар