Еліміздің аумағын жаяу аралап шыққан қарияға пәтер кілті табысталды
Сәрсенбай Қотырашов алты ай бойы Қазақстан аумағын жаяу аралап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтіпті. Күш-қайраты қайтпаған саяхатшы қарияға жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға берілді. «Бұл - шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісіңіз - жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз», - деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
24 маусым 2026
24 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар