Алматыда Путиннің сапарына қарсылық білдірмек болған белсенділерді полиция ұстап әкетті
Ресей басшысы Владимир Путиннің Астанаға сапары қарсаңында Алматыда полиция Ресей консулдығы алдында наразылық білдірмек болған төрт белсендіні ұстап әкетті. Бұл жөнінде оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.Ұсталғандар арасында Айнұр Әбсеметова да бар. Сәрсенбі күні белсенділер консулдық алдына келіп, талаптарын да айтып үлгерген жоқ. Полицейлер жабылып, белсенділерді бірден полиция газеліне отырғызды. Белсенділердің қолында плакат пен Украина туының түсіне ұқсас көк-сары түсті гүлдесте болған.Полиция әзірге түсініктеме бермеді.Оқиға кезінде "консулдық күзетшісімін" деген сақшы Азаттық тілшісінің камерасын жауып, кәсіби міндетін атқаруға кедергі келтірді.Азаттық тілшісі белсенділер келмей тұрып, Ресей консулдығының алдында қауіпсіздік күшейгенін байқаған. Жерасты өткелі мен консулдық маңында жиырма шақты полиция, екі газель автозак тұрды. Олар өткен-кеткен адамдардың барлығын тексеріп тұрды.Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан күндері Астанаға келеді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде қарсылық күшейген. Құқық қорғаушылар, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтар Украинаға соғыс ашқан Путиннің Қазақстанға сапарына тосқауыл қоюды талап еткен. Ал билік Путин сапарының маңыздылығын алға тартқан.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 мамыр 2026
26 мамыр 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар