Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-ның Казталов ауданында 16 ауылға газ тартылды

inform.kz

БҚО-ның Казталов ауданында 16 ауылға газ тартылды

Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің Әбіш, Көктерек округтеріне қарасты Еламан, Саралжын елді мекендеріне табиғи газ құбыры тартылды. Аудан әкімі Рүстем Зұлқашевпен бірге көгілдір отын алауын жаққан Әбіш ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Амангелді Әмірешов газ құбырын тартқан «Әлия Сервис» ЖШС мен ішкі жұмыстарды жасаған «ГазГид» ЖШС өкілдеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ 9 үйі бар Еламан елді мекенінде Ұзақбай Қожантаев та Президент тапсырмасына сәйкес өңірде тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді. Ал Саралжында 56 үйдің 48-іне газ желісі тартылды. Аудан басшысының айтуынша, 29 мыңнан астам тұрғын тұратын Казталовта барлығы 48 ауыл болса, соның 32-сі газбен қамтылған. «Биыл 16 шағын елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Соның үшеуіне көгілдір отын жетсе, 27-28 қазанда тағы бес ауылда осындай қуанышты рәсім болмақ. Қалған 8 ауылға қараша айында газ беріледі. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары негізінен аяқталып, абоненттердің құжаттарын реттеу, тиісті құрал-жабдықтар орнатып, газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында аудан тұрғындары түгелдей табиғи газбен қамтылатын болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Р.Зұлқашев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар