Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БАҚ: Журналист Ксения Собчак Ресейден кетті. Полиция үйін тінтті

azattyq.org

БАҚ: Журналист Ксения Собчак Ресейден кетті. Полиция үйін тінтті

Ресейлік журналист, медиаменеджер, 2018 жылғы сайлауда президенттіктен үміткер болған Ксения Собчак Ресейден кетті. Бұл жөнінде анонимді дереккөздерге сүйенген Ресей ақпарат құралдары жазды.Ақпаратқа қарағанда, 26 қазанда таңертең Собчактың қала шетіндегі үйінде тінту болған. Оны Ресей ІІМ бас басқармасы тергеушілері арнайы жасақ пен жедел қызметкерлердің қатысуымен жүргізген.Тінту Собчактың әріптесі жуырда ұсталған Кирилл Сухановқа қозғалған қылмыстық іспен байланысты деп айтылады. Суханов Ксения Собчактың "Oсторожно: media" медиахолдингісінің коммерциялық директоры.Собчак жаңалық шыққанға дейін түсініктеме бермеді. Шенеуніктерге сүйенген БАҚ-тың хабарлауынша, Собчакқа іс қозғалмаған. Бұған дейін ол Сухановтың ұсталуын "журналистерге қысым" деп бағалаған.Ресей президенті Владимир Путиннің саяси ұстазы, 2000 жылы қайтыс болған Санкт-Петербургтің бұрынғы мэрі Анатолий Собчактың қызы 40 жастағы Ксения Собчак Ресейде көп жылдан бері өзін оппозиция өкілі ретінде көрсетіп жүр. Ол 2018 жылы президент сайлауына үміткер ретінде қатысқанмен көп сарапшы оны Путинге жақын жүретін адамдардың бірі ретінде атайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар