Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нарымбайдың аштық ұстағанына 26 күн: ҚАЖК түсініктеме берді. Өміріне қауіп төнсе, аштықты тоқтатуға мәжбүрлеуі мүмкін

azattyq.org

Нарымбайдың аштық ұстағанына 26 күн: ҚАЖК түсініктеме берді. Өміріне қауіп төнсе, аштықты тоқтатуға мәжбүрлеуі мүмкін

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түрмедегі белсенді Ермек Нарымбайдың аштық акциясынан хабардар екенін мәлімдеді. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқын Ермек Нарымбай 3 қазанда өтініш жазып, "сот шешімімен келіспегендіктен тамақтан бас тартатынын" айтқан."Мекеме әкімшілігі оқиға жөнінде прокуратура органдарына хабарлады" деп жазылған комитеттің баспасөз қызметінің Азаттыққа жіберген хабарламасында.ҚАЖК баспасөз қызметі хабарламасында "аштық" деген сөздің орнына "тамақтан бас тарту" тіркесін қолданған. Комитеттің айтуынша, Нарымбайды 3 қазаннан бері дәрігерлер "бақылауға алған"."Қазіргі кезде денсаулығы орташа деп сипатталады. Ермек Нарымбай 18 килограмға арықтады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір тұтқын Ермек Нарымбай шәй, су ішеді, витамин, биологиялық белсенді заттар қабылдайды. Күн сайын мекеме психологтары онымен оңаша әңгіме жүргізіп, психодиагностика жасайды" деп жазылған комитеттің хабарламасында.Бұған дейін адвокат Ғалым Нұрпейісов Ермек Нарымбайдың 18 килограмға арықтап кеткенін, соған қарамастан аштықты тоқтатпауға бекінгенін хабарлаған еді.- Өте әлсіз болып қалыпты, 18 килограмға арықтап кетіпті. Менімен кездесуге балдақпен шықты. Бірақ алған бетінен қайтпайтынын, аштығын тоқтатпайтынын жеткізді. Ол аштығының басты мақсаты – оппозицияның бірігуі екенін айтты. Саяси тұтқындарға қатысты мәселе шешілмесе, аштығын одан әрі жалғастырмақшы. Бұл ісімен қоғамды оятқысы келеді, - деді деген еді адвокат 26 қазанда Азаттық тілшісіне.Ермек Нарымбайдың жағдайы әлсіз екенін адвокат Жанар Балғабаева да растады."Жағдайы қатты мүшкіл деп айта алмаймын. Кейде онда "приступ" болады. Басы ауырады. Өте әлсіз. Энергиясын үнемдеу үшін ақырын қозғалады. Дәрігерлер оның қан қысымын, дене қызуын өлшейді. Қан қысымы 140/110, 140/90 болған. Егер жағдайы нашарлап, дәрігер рекомендация берсе, олар [түрме әкімшілігі] күштеу шараларын қолдануы мүмкін" деді 28 қазанда Жанар Балғабаева Азаттыққа.52 жастағы Ермек Нарымбай қазір Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/14 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол аштық акциясын 2 қазанда бастаған.Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атаған Нарымбай саяси белсенділігі үшін бірнеше рет қылмыстық жазаға кесілген. 2015 жылы қазанда "алауыздық тудырды" деген айыппен үш жылға сотталған. Кейін апелляция соты оның жазасын жеңілдетіп, үш жылға шартты жазаға кесті.Осыдан кейін Нарымбай өзіне билік тарапынан қатер төніп тұрғанын айтып, Украинаға кетіп қалды. Ол биыл ақпан айының басында Қазақстанға оралған. Бірақ Алматы әуежайынан бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, соңынан қамалды. Адвокаттың айтуынша, оның әлі өтелмеген екі жарым жыл жазасы бар.Қарай отырыңыз: "Құлыптасыма күлімсіреп тұрған суретімді қойыңдар". Диссидент Ермек Нарымбай түрмеден өсиет-хат жолдады (19 қазан 2022 жыл).
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар