Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Белгородта соғысқа дайындайтын полигонда мерт болған тәжік азаматының туыстары марқұмның сүйегін әлі алмаған

azattyq.org

Белгородта соғысқа дайындайтын полигонда мерт болған тәжік азаматының туыстары марқұмның сүйегін әлі алмаған

Ресейдің Белгород қаласындағы полигонда мерт болған 24 жастағы тәжік азаматы Эхсон Аминзоданың туыстары марқұмның сүйегін ала алмай жүр.Ресей билігі оны қашан беретінін айтпайды. Марқұмның туыстары 15 қазандағы оқиға туралы да дерек ала алмай отыр. Полигондағы атыста мобилизацияға іліккен 11 ресейлік пен екі тәжік азаматы қаза болған.Белгородтағы оқиғадан бес күн бұрын Эхсон Аминзода Мәскеуде із-түссіз жоғалған. Туыстары оны армияға мәжбүрлеп әкеткен болуы мүмкін деп топшылайды. Туған ауылы Заргар тұрғындары Эхсон өз еркімен Ресей армиясына барған дегенге сенбейді. Өйткені оның әскери тәжірибесі болмаған, тәжік армиясында қызмет етпеген.Эхсон Аминзода шамамен екі апта бұрын мерт болды, бірақ туыстары марқұмның сүйегін әлі ала алмай жүр. Олар жас жігіттің неден қаза болғанын білгісі келеді. Ресей қорғаныс министрлігі Белгород полигонындағы оқиға туралы шағын мәлімет таратумен ғана шектелген.Қазан ортасында Ресейдің Белгород облысында еріктілерді соғысқа дайындайтын әскери полигонда атыс болып, көп адамның мерт болғаны хабарланған еді. Түрлі дереккөздер 11-32 аралығында адам қаза болғанын айтады."Настоящее время" телеарнасының материалы. Орыс тілінде (27 қазан 2022 жыл.)
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар