«Жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін»: Жазушы Алтыбек Сәрсенбайұлының өлімі туралы тың деректер айтты
Бұл туралы жазушы, журналист Қорғасбек «Қасқа жол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. "Алтынбектің өліміне қатысты біздің қолымызда заң орындарының тергеу тексеруінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ ол тікелей жүйенің құрбаны дегенге келіскім келмейді. Бірақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін. Солардың қолынан болған қаза шығар деп ойлаймын. Ал Бейбіт Сапарәлі бұл халықаралық күштердің массондардың қолынан қаза болды деген әңгіме атқан екен. Ол асығыстау айтылып кетен пікір деп ойлаймын. Қазір біздің қолымызда мына адам деп ұстап беруге ешқандай дәлел жоқ.»,- деді Жүсіпбек Қорғасбек. Сондай-ақ белгілі журналист, жазушы Қорғасбек Алтыбек Сәрсенбайұлы еш уақатты оппозиционер болған емес дегенді айтты. "Мен білетін Алтынбек Сәрсенбай еш уақытта оппозиционер болған жоқ. Ол оппозицияның адамы емес. Ол мемлекетшіл адам. Ол мемлекетке қызмет етті. Мемлекеттік қызметте жүріп те қызмет етті мемлекетке, мемлекеттік қызметен кеткеннен кейін де қызмет етті. Сендер қашан көрдіңдер Алтынбек Сәрсенбайұлының көшеге шығып айғайлап тұрғанын. Мысалы белгілі бір топтың алдында айғайлап жүргегін. Көрген жоқсыңдар ғой. Мен де көрген жоқпын. Ол өзі қызметтен кеткеннен кейін жаңағы оппозициялық күштерді мемлкеттік жүйге, сол жүйеде қызмет етіп жатқан адамдарға ықпал ету үшін пайдаланды. Ол өзі мемлекеттік қызметте жүрген кезде мойнына артып алған жауапкершіліктері бар, ол министр болды, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Сол жауапкершіліктен шыға алған жоқ. Тіпті қазасына да сол ықпал етті. Әрине белгілі бір адамдармен жеке дұшпандығы да болды мемлекеттік қызметтегі. Сонымен бірге жүйені ауыстыру керек деген мәселені көшеге шығып емес, іштей ауыстыру керек деген қозғады. Және сондай жүйені өздерінің қолымен ауыстырғысы келді. ", деді Жүсіпбек Қорғасбек.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 сәуір 2026
16 сәуір 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар