Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаңтарда оқ тиіп қайтыс болған өскемендік Қуаныш Қабылхановтың анасы әуежайда ұсталғанын хабарлап, көмек сұрады

azattyq.org

Қаңтарда оқ тиіп қайтыс болған өскемендік Қуаныш Қабылхановтың анасы әуежайда ұсталғанын хабарлап, көмек сұрады

Қаңтарда оқ тиіп қайтыс болған өскемендік Қуаныш Қабылхановтың анасы Арайлым Сағатбаеваны әуежайда кеден қызметкерлері ұстаған. Бұл туралы 16 қарашада Азаттыққа Сағатбаеваның өзі хабарлады.- Мен соттың шешіміне қарсы болып Астанаға жиналғанмын. Соттан келген конвертке салынған жауаптар, киімдерімнен басқа артық ештеңе болмаған. Жаңа тексеретін жерде "сөмкеңізде күдікті бір нәрсе бар" деді. Сосын "оқ шықты" деді, оқты алды, менің қолыма ұстатты, мен сасқанымнан, оны алдымен далап (помада) екен деп қалдым, оны менің қолыма ұстатып алды да, сосын пакетке салып алды. Бұл қасақана жасаған - деді Сағатбаева.Қазір ол әуежайдағы полиция қызметкерлермен криминалистерді күтіп отырғанын айтты. Ол құқық қорғаушылардан көмек сұрайды.- Мен баламды атқан адамды іздеймін деп сөз бергенмін, ақыры өзімді "қылмыс жасады" деп сылтау тапқан секілді. Мен қатты қорқып тұрмын, - деді Арайлым Сағатбаева.Сәрсенбі күні Азаттық тілшісі барған кезде Арайлым Сағатбаеваны жол полициясында ұстап отырғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері "қазір тексеру органдары келеді, қажетті тексерулер жүргізіп, өздері айтады" деп түсініктеме беруден бас тартты.Арайлым Сағатбаевтың жалғыз ұлы 25 жастағы Қуаныш Қабылқанов, Өскеменде Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп көз жұмған үш азаматтың біреуі. Анасы бұған дейін баласына оқ атқан адамды тауып, заң бойынша жауапқа тартқысы келетінін айтқан. Ол кінәлілерді табуды сұрап, жергілікті әкімдікке, Алматы мен Астана қалаларына да барып, тіпті президенттің қабылдауына да жазылған. Президент әкімшілігі "Қасым-Жомарт Тоқаев қазір желтоқсан айында жазылған адамдарды қабылдап жатыр" деп кезек күтуін сұраған. Қуаныш Қабылқановтың артында келіншегі мен бір жасар қызы қалған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар