Қазақстан қылмыс индексі бойынша әлем елдері рейтингінде 48-орында тұр
Finprom.kz порталының мәліметінше, индекс сауалнама арқылы елдегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалайды. Рейтинг құрастырушылары индекс 20-дан аз болса, онда қылмыс деңгейі өте төмен, 20-40 аралығында – төмен, 40-60 аралығында – орташа, 60-80 аралығында – жоғары, ал 80-нен асса өте жоғары деп санайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Беларусь пен Қырғызстанда біршама жоғары. Ал Молдова, Украина, Ресей және Өзбекстан қауіпсіз деп саналады. Қылмыс өршіген елдердің ең басында Венесуэла, Папуа – Жаңа Гвинея және Ауғанстан тұр. Әлемдегі ең қауіпсіз ел – Қатар. 2022 жылдың қорытындысында елімізде 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 0,3 пайызға аз. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматы қаласында (34,9 мың), Астанада (17,1 мың) және Алматы облысында (12,6 мың), ең азы Ұлтыау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелген.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
28 наурыз 2026
28 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар