Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде оппозиционер Навальныйға қолдау білдірген 100-ден астам адам қамалған

azattyq.org

Ресейде оппозиционер Навальныйға қолдау білдірген 100-ден астам адам қамалған

Ресейдің 23 қаласында оппозициядағы саясаткер Алексей Навальныйға қолдау білдірген акция өтіп, 100-ден астам адам қамауға алынған. Оның төрттен бірі – кәмелетке толмағандар. Бұл мәліметті "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы таратты.Мәскеуде акцияға шыққандардан 60-тан астам, Санкт-Петербургте 10-нан астам адам, қалғаны өзге 21 қалада ұсталған.Ресейдің Владимир қаласында қатаң режимдегі колонияда қамауда отырған оппозиционер Алексей Навальный 4 маусымда 47 жасқа толған. Акция Ресей билігімен келісілмеген, митинг түрінде өтпеген. Белсенділер жалғыз адамдық пикетке шыққан, үгіт қағаздарын жапсырып, таратқан, Навальныйды қолдайтынын түрлі жолдармен білдірген."Навальный командасының" мәліметіне қарағанда, мұндай акция әлемнің көп елінде өткен. Австралияның Сидней, Мельбурн, Брисбен қалаларында, Жапония астанасы Токиода, Оңтүстік Кореяда, Таиландта және Еуропаның ондаған қаласында болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар