Ресей оқу орындарындағы тексеріс: оқытушылардың сабағы биліктің көзқарасына сай келуге тиіс
Ресейдің оңтүстігіндегі университеттер оқытатын тарих пәнін бақылауға министрлік өкілдері келетін болған. Олар оқытушылардың сабағы биліктің көзқарасына сай келе ме, жоқ па – тексеруге тиіс. Бұл жөнінде Ресей жоғары оқу орындарындағы мәліметтерге сүйенген The Moscow Times жазды.Краснодар өлкесі оқытушысының журналистерге айтуына қарағанда, шенеуніктер лекция кезінде болсын, басқа уақытта болсын, билікті, "патшаны" сынауға тыйым салған. Тарихтағы кейбір даулы мәселелерді ешбір сынсыз, құрғақ факт ретінде айта салуды ұсынған. Басылым сөйлескен Самара университетінің оқытушысы басшылар әріптесін тарих туралы мақаласы үшін жұмыстан шығарып жібергенін айтқан.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Ресей жастары ақпарат шабуылына ұшырады, сондықтан оларға дұрыс ақпарат беріп, тойтарыс жасау керек" деген еді. Путин тарих пәні бойынша академиялық курс ашып, "ұрпақтар сабақтастығын терең мазмұнмен байытуды" тапсырған.2022 жылы Ресейдің білім және ғылым министрлігі бұрынғы мәдениет министрі Владимир Мединскийдің басшылығымен Ресей жоғары оқу орындары мен мектептеріне арналған тарих оқулығын жаңадан жазуға кіріскен.2022 жылы сәуірде Ресей оқу-ағарту министрі Сергей Кравцов оқулықтар "Украинадағы арнайы операцияға қатысы бар оқиғалармен" толықтырылатынын айтқан. Тамызда "Единая Россия" партиясының хатшысы және Федерация кеңесінің вице-спикері Андрей Турчак та "Украинадағы соғыс мәселесі қамтылған жөні түзу тарих оқулығы" шығарылатынын мәлімдеген.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 наурыз 2026
13 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар