Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда заңсыз жүрген 11 шетелдік елден шығарылды

ktk.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген 11 шетелдік елден шығарылды

Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтің сөзінше, бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталған.

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылған.

"Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 23 шетел азаматы мемлекеттен шығарылды. Қабылдап-таратуға құжаттары жоқ 52 шетелдік азамат орналастырылды", - деді Асхат Бутунчинов.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар