Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

zhambylnews.kz

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1996 жылы Президент Жарлығымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып бекітілген. Жалпы, 1 мамырдың атаулы күн ретінде белгілену тарихына үңілсек, аса қуанышты жайттан басталмаған. Бұл күні 1856 жылы Аустралияда алғаш рет жұмысшылар ереуілі өтеді. Аустралиядан кейін оқиға АҚШ-тың Чикаго қаласында қайталанады, онда да өз құқықтарын қорғаған жұмысшылар шеруге шығады және бірнеше адам жарақат алып, қаза табады. Осы жағдайды еске алу және бүкіл әлемдегі жұмысшылармен ынтымақтастық белгісі ретінде 1 мамыр – жұмысшылардың ынтымақтастық күні ретінде аталып өте бастайды. Кеңес одағына кірген мемлекеттерде 1 мамыр мерекесінің ұраны — «Бейбітшілік, еңбек, мамыр» болды. Ғасырлар бойы қазақ даласы түрлі мәдениет мен дәстүр тоғысқан ортаға айналды. Тарихи оқиғаларға байланысты XVIII ғасырдан бастап, Ресей империясынан қоныс аударған татарлар, орыстар, украиндер, немістер келе бастады. 1937 жылы Кеңес Одағы депортациялаған кәрістер, ал 1944 жылы – шешендер мен ингуштар Қазақстанға күштеп көшірілді. Бұл көш 1954 жылы басталған тың игеру жылдары жандана түсті. Тағдыр талқысымен түрлі ұлттың шаңырағына айналған Қазақстан жер-жаһанға бейбітшіліктің озық үлгісі ретінде танылды. Бейбітшілік демекші, әлемде геосаяси ахуал күрделеніп, қарулы қақтығыстар тыйылмай тұрған қазіргі уақытта бұл ұғым бұрынғыдан да өзекті бола түскендей. Егемендік алған жылдары Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту Тәуелсіздікті сақтаудың басты негіздерінің біріне айналды. Осылайша 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Жуырда өткен Ассамблеяның ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы — егемендік тарихындағы айтулы оқиға екенін айтты. Отыз жылдық белесте Ассамблея консультативті-кеңесші органнан конституциялық органға дейін өсті. Мемлекет басшысы Ассамблея ұсынған Парламент Сенатының 5 депутатын тағайындайды. Ел аумағында мыңнан астам этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі және Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Өңірлерде ашылған Достық үйлері де этномәдени бірлестіктердің ғана емес, жергілікті қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың ортасына айналды. Еліміздің барлық өңірінде ҚХА Журналистер клубы және этникалық БАҚ жұмыс істейді. Биыл 20,3 миллион қазақстандық бұл мейрамды татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 316 155 адам. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр: Қазақтар – 14 456 709Орыстар – 2 963 938Өзбектер – 678 487Украиндар – 371 807Ұйғырлар – 305 648Немістер – 223 272Татарлар – 218 926Әзірбайжандар – 155 364Кәрістер – 120 686Түріктер – 91 732Дүнгендер– 86 067Беларустар – 74 389Тәжіктер – 58 712Күрдтер – 51 171Қырғыздар – 40 200 Айтулы мерекенің құрметіне бүгін елордада зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап түрлі концерттер мен жарыстарға дейін ондаған мәдени-спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Астана және Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні аясында жүгіруден марафон өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2025