Қақтығыс басталған сәт: айыпталушы Шерзат Полат оны кастетпен ұрғанын айтты

Талдықорғанда 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сотта айыпталушылар жауап бере бастады. Сотта бірінші болып айыпталушы Дархан Әскентай сөз алды. Ол ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Бұл – бұзақылық, яғни азаматтарға күш қолданумен немесе күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жасалған, пышақтар мен денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген басқа да заттарды қолдана отырып, қоғамға және қоғамдық тәртіпке ашықтан-ашық қарсы келу әрекеттері, ерекше дөрекілікпен және цинизммен жасалып, ерекше қатыгездік танытылған іс-әрекеттер бабы. Айыпталушының сөзінше, ол Шерзатқа ешқандай қақтығыс болмағанын түсіндіруге тырысқан. Алайда Шерзат оны ұрып жіберген. Әскентайдың айтуынша, сол сәтте Шерзаттың қолында кастет болған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
7 мамыр 2025