Алты тіл білетін сарбаз Түркістанда әскери борышын өтеп жүр

Түркістан қаласындағы Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінде ерекше қабілетті сарбаз қызмет атқаруда. Шымкент қаласынан әскерге шақырылған Шахбоз Сатыбалдиев алты тілде — қазақ, өзбек, түрік, корей, тәжік және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Ұлты тәжік болса да, бала күнінен қазақтар арасында өскен жас жауынгер мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін терең білетінін айтады. Медициналық колледжді тәмамдаған соң, тіл үйренуге ден қойған ол бүгінде туристер көп жүретін аймақта қоғамдық тәртіпті күзетіп, шетелдіктерге бағыт-бағдар беріп жүр. «Алдағы уақытта заңгер мамандығын оқып, Қазақстанның мүддесін халықаралық деңгейде қорғағым келеді», – дейді Шахбоз. Оның қабілеті мен жауапкершілігін командирлері мен қаруластары жоғары бағалап отыр.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 23
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
-
- Маусым, 19
-
-
- Маусым, 18
-
-
- Маусым, 17
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 16
-
- Маусым, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
24 маусым 2025