Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша «Sholpan City» тұрғындарының басты мәселелері шешілді

kaz.365info.kz

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша «Sholpan City» тұрғындарының басты мәселелері шешілді

Алматыдағы «Sholpan City» тұрғын үй кешенінде заңды түрде сайланған ПИК төрағасының өкілеттігі қалпына келтірілді. Мұндай шешім тұрғындардың қала әкімдігіне ұжымдық өтінішінен кейін қабылданды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен кешенде тексеру жүргізіліп, жағдай толық зерделенді. Нәтижесінде жаңа төрағаны сайлау рәсімі заңды деп танылды.

Бес жыл бұрын пайдалануға берілген кешен тұрғындары соңғы уақытта бірқатар қиындықтарға тап болған. Олардың арасында жерасты автотұрағының мақсатсыз пайдаланылуы, даулы нысандар және меншік иелері бірлестігі ішіндегі келіспеушіліктер бар.

«Кейбір жалға алушылар тіпті паркингтің ішінде бөлмелер жасап алған — кір жуады, тамақ пісіреді, сол жерде тұрады. Мұндай жағдай қалыпты деп саналмайды», — дейді тұрғын Раушан Әбілова.

Мәселені күрделендірген тағы бір жайт — бұрынғы төрағаның өкілеттікті заңсыз түрде қайта иеленуі.

«19 қыркүйекте ол eGov порталы арқылы өзін қайта тіркеп, өзін төраға ретінде таныстырып, хабарландырулар іле бастады», — дейді жаңа сайланған төрайым Арайлым Алмағамбетова.

Қалалық қызметтердің араласуынан кейін жағдай ретке келтірілді. Тұрғындар қала әкімінің жеке бақылауы мен қолдауын атап өтті:

«Дархан Амангельдіұлына бізді тыңдап, мәселені шешуге көмектескені үшін алғыс айтамыз. Енді өзге мәселелер бойынша да оң өзгерістер болады деп сенеміз», — деді олар.

Қазір кешенде жер пайдалану, коммуналдық төлемдер мен аумақты күтіп-ұстауға қатысты мәселелерді реттеу жалғасуда. Барлық үдерістер қала басшылығының тұрақты бақылауында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар