Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді

kaz.365info.kz

Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асады, ал жабуы 600 метр. Сонымен қатар, сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды.

Тарихи сәтте Түркістанға Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы келіп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми түрде жариялады. Ол әлемде мұндай үлкен бас киімді ешкім жасамағанын атап өтіп, жобаны Гиннестің үшінші әлемдік рекордтар кітабына енгізу үшін тіркеу басталғандығын айтты.

«Сәукелеміздің биіктігі көкпен таласып, шыңмен тіресіп тұрсын дедік. Сондықтан оны 5 метр 20 сантиметр етіп жасадық. Ал, ою-өрнегін терең мағынамен көмкеруді жөн көріп, сәукеленің кейпінен Жер ананың бейнесін жасадық. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен Ана – өмірдің мәңгілігін, тіршіліктің түп-тамырын білдіреді. Сол себепті оюын өмір ағашы бейнесінде өрнектедік», – деді жоба авторы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар