Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада LRT-ның төртінші құрамы қойылды

kaz.365info.kz

Астанада LRT-ның төртінші құрамы қойылды

Астанада LRT-ның төртінші құрамы қойылды. LRT төртінші құрамы Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысындағы станцияға қойылды. Бұған дейін Қабанбай батыр даңғылы бойына үшінші құрам қойылған болатын. Қытайдан барлығы 19 пойыз сатып алынған.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйектен бастап LRT сынақ режимінде жүре бастады. LRT пойыздарында машинст жоқ. Сынақ барысында рельстер, станциялар, байланыс желілері, жылжымалы құрам, қауіпсіздік пен басқару жүйелері кешенді түрде тексерілмек. Сондай-ақ қызметкерлерді даярлау, төтенше жағдайдағы іс-қимыл және LRT-ны басқа көлік түрлерімен ықпалдастыруға баса назар аударылады.

«GoA4 – рельсті көлікті автоматтандырудың ең жоғары деңгейі. Бұл жүйе тиімділік пен қауіпсіздікті арттырып, LRT-ны бәсекеге қабілетті етеді. Енді осындай заманауи стандарт Астанада да іске қосылады», – деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Жабдық пен инфрақұрылымды сынақтан өткізу кемінде алты айға созылады. Алғашқы кезеңде пойыздар №112–113 станциялары арасында 10 км/сағ жылдамдықпен жүреді, кейін жылдамдық пен аймақтар кезең-кезеңімен артады.

«Біз 7 айлық оқудан өттік. Астанада теориялық дайындық алып, Қытайда тәжірибемізді жетілдірдік. Енді тест жұмыстарына белсенді қатысып жатырмыз. Бұл білім болашақта жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аса қажет», – деді LRT пойыздарының операторы Айдар Надырбеков.

Қауіпсіздік мақсатында эстакадаға және жол желісіне кіруге қатаң тыйым салынған, себебі байланыс желісінде 750 вольт жоғары кернеу бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар