Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл арқалайды

kaz.365info.kz

Жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл арқалайды

Қазақстандық жүргізушілерге желтоқсан-ақпан айлары аралығында көліктерге қысқы дөңгелек орнату қажет екені ескертілді. Осы кезең аралығында жазғы немесе маусымға сай емес шиналармен жүруге тыйым салынады.

Шиналарды дұрыс қолданбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілік қарастырылған:

Қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне орнатылуы тиіс. Ал оларда таудың үш шыңы мен қар ұшқыны бейнеленген арнайы белгі, «M+S», «M&S» немесе «M S» деген таңбалар болуы керек.

Егер көлік тікенекті шиналармен жүрсе, жүргізуші қалауы бойынша көліктің артқы жағына «Ш» таңбасы бар белгі орната алады. Белгі қызыл жиегі бар ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы кемінде 200 мм, ал жиектің ені оның 1/10 бөлігін құрауы тиіс.

Қысқы шиналар көліктің жолда тайғанамауын, қар мен мұзда жақсы тежелуін қамтамасыз етеді. Сондықтан жүргізушілерге көлікті алдын ала қысқа дайындап, шиналардың жағдайын және талаптарға сәйкес екенін тексеру ұсынылады. Бұл айыппұлдан қорғайды және жол-көлік оқиғаларының алдын алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар