Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«37 миллион оқырман». Елімізде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

kaz.365info.kz

«37 миллион оқырман». Елімізде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Биыл ел бойынша кітапханаға барушылар санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше жыл басынан бері 37 миллион оқырман кітапханаға барған.

«Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық», – деп жазылған хабарламада.

Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген. Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар