Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Көше атауларын қазақшалауға қарсылық». Рудный тұрғыны дөрекі әрекеті үшін айыппұл арқалады

kaz.365info.kz

«Көше атауларын қазақшалауға қарсылық». Рудный тұрғыны дөрекі әрекеті үшін айыппұл арқалады

Рудный тұрғыны қоғамдық талқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.

«Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды. Полиция қоғамдық іс-шаралар кезінде тәртіп сақтау және өзгелерге құрмет көрсету маңызды екенін еске салды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар