Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың өліміне қатысты іс бойынша сот үкім шықты. Қылмыстық іс Екібастұз қалалық сотында қаралды.
«Ашық сот отырысында жалпы тәртіппен, аудио және видео жазба қолдана отырып, күдіктілер Б, Б, Т, Ш, Н, К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға Қылмыстық кодексінің «Тау‑кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған», – деді судья Айжан Байгөншекова.
«Майқайыңалтын» компаниясының бұрынғы бас директоры төрт жылға бас бостандығынан айырылса, оның бұрынғы орынбасары мен Майқайың жерасты кенішінің директоры үш жыл алты айға сотталды. Майқайың жерасты кеніші директорының бұрынғы орынбасары мен бас инженері үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қаңтарындағы Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. Шұңқырға құлаған автобустың ішіндегі төрт адам көз жұмды. 2024 жылдың 25 шілдесінде автобус ішіндегі төртінші құтқарушының денесі апаттан жарты жыл өткенде жер бетіне шығарылды.
- Соңғы
- Танымал
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 24
-
- Қараша, 21
-
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 12
-
- Қараша, 11
-
- Қараша, 10
-
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2025